Суицидтік мінез-құлықты түзетудегі гипнотерапия
12.05.2023 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты базасында "Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын алдын алудағы пәнаралық көзқарас: мәселелер, қиындықтар және заманауи шешімдер" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының екінші күнінде "Дағдарыс жағдайыдағы жасөспірімдерге кеңес беру" тақырыбында шебер-сыныптары өткізіледі (псх.ғ.д., профессор Слободчиков И.М.), "Жасөспірімдердің өміршеңдігі мен ассертивті мінез-құлқын дамыту" (п.ғ.д., профессоры Приступа Е. А.), "Суицидтік мінез-құлықты түзетудегі гипнотерапия" (псх.ғ.д., профессор Болеев Т.К.).
Конференция мақсаты – жасөспірімердің суицидтік мінез-құлқының теориялық және практикалық аспектілері бойынша сындарлы пікірталас ұйымдастыру және ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу.
Халықаралық конференцияның қорытындысы бойынша келген қонақтарға Институт әкімшілігінің атынан кәдесыйлар табысталып, марапаттау рәсімі өтті.