Белсенділер белсенді демалыста!
Білім, ғылым, спорт, өнер саласында жетістікке жеткен студент жастарды қолдау мен Қазақстанның киелі жерлерінің географиясын жастар арасында насихаттау мақсатында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты белсенді студенттері институт басшылығының демеушілігімен киелі Түркістан қаласында демалыста болды.
Институтмыздың ең белсенді деген 50 студенті "Домалақ ана" кесенесіне, "Ақмешіт" кесенесіне, киелі Түркістан қаласына, жаңадан қолданысқа берілген «Керуен Сарайға» саяхат жасады. Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенелеріне барып, олардың тарихымен терең танысты.
"Мен институт құрылтайшысы Ерболат Саурыков мырзаға, ректорымыз Марат Баяндин мырзаға алғыс білдіргім келеді. Себебі осында оқып жатқаныма биыл 2 жыл, әрдайым әр қалаға бізді осылай саяхаттауға, таным көк-жиегімізді артыруға жіберіп тұрады. Алдыңғы жылдары студенттер астанамыз Астанаға, әсем Алматыға, Мерейлі Меркеге барған болатын. Бұл жолы барлығымыз қызыға қарайтын Түркістан қаласына бару бұйырды. Себебі «Керуен-Сарай» қалашығын көп студенттеріміз әлі көрмеген еді. Бұндай белсенді студенттерге мүмкіндікті көп оқу орындары бере бермейді. Белсенді студенттерді әрдайым қолдайтын ректорымызға және «Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты» басқармасына алғыс білдіргім келеді" - дейді 2 курс студенті Данабек Мұратов.