COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Құттықтаймыз

Құттықтаймыз

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Экономика және бизнес» факультетінің студенттерінен құралған «Dream team» командасы (Нұрбекқызы А., Зеталы Е., Өтеген Б.) Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша өткен «VI Халықаралық Қашықтық Олимпиадасына» қатысып жүлделі ІІІ дәрежедегі Дипломмен марапатталды.

Халықаралық олимпиаданы өткізудің мақсаты - білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ студенттердің оқу қызметі мен болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Ғылыми жетекшілері: Академялық жұмыстар жөніндегі проректор - Акмарал Кадырова, «Экономика және бизнес» факультетінің аға оқытушысы - Асемова Р.Д., «Экономика және бизнес» факультетінің оқытушысы - Айтбаева Д.Т. Студенттер мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!