COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ҚҰРБАН АЙТ - ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

ҚҰРБАН АЙТ - ҚҰТТЫ МЕРЕКЕ

Құрметті жерлестер!
Қадірлі жамағат!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күтетін қасиетті де ұлық мереке – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Құрбан айт – ағайынның ауызбіршілігін арттыра түсетін, мұсылман қауымын имандылыққа ұйытып, барша адамды қанағат пен тәубеге шақыратын ұлық мейрам. Айт күні адамдар құрбан шалумен ғана емес, сауапты, ізгі, қайырлы амалдарымен Жаратушының рақымына жақындай түседі.

Бұл жақындарға қамқорлық көрсетуді және мұқтаждарға жанашырлықты бейнелейтін мұсылман мерекелерінің маңыздысы.

Еліміздің береке-бірлігін бекемдеп, халқымыздың ынтымағын арттыратын Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Құрбан айт құтты болсын!

Ізгі тілекпен, Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ ректоры М.Баяндин