COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Үздік ауыл әкімі

Үздік ауыл әкімі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен Республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсы өткізілді. Аталған конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден аса ауыл әкімдері қатысқан.

Респулкалық комиссияның шешімімен Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі ЕЛЕМЕСОВА КҮЛЖАХАН АЛМАСҚЫЗЫ конкурстың бас жүлдесін иеленіп, 2023 жылдың «Үздік ауыл әкімі» атанды.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұжымы ЕЛЕМЕСОВА КҮЛЖАХАН АЛМАСҚЫЗЫН шын жүректен құттықтайды!

Конкурстың облыстық комиссия құрамында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының қызметкері, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» докторы (PhD), доцент Куатбеков Жарас Алпысбайұлы да бар екенін атап өткен жөн.

Аталған жоба мен оның нәтижесі облысымыздың беделін көтере отырып, өңірде мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға және болашақ мемлекеттік қызметшілер мен қазіргі мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызметті атқару жолында тиісті бағыт-бағдар береді деген ойдамыз.