COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Тамыз айының үшінші жексенбісі - Қазақстанда спорт күні!

Тамыз айының үшінші жексенбісі - Қазақстанда спорт күні!

Барша спортшыларымызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз❗

Елімізде спортқа барынша қолдау көрсетілуде. Отандық спортшылар тәуелсіздік алғаннан бері халықаралық жарыстарда, олимпиада ойындарында үздік нәтиже көрсетіп жүр.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты студенттері қалалық, облыстық, республикалық сайыстарда өнер көрсетіп, бокс, каратэ, армрестлинг, волейбол, күрес, грек-рим күресі, таэквондо, кик-боксинг т.б. спорт түрлерінен жеңіс тұғырынан көрініп, көк туымызды желбіретті. Мәселен, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Асланбек Шымбергенов бокстан әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды. Дінмұхамед Баймұратов Италияның Лидо-ди-Йезоло қаласында кик-боксингтен өткен әлем чемпионатында Әлем чемпионы атанды. Туркияда өткен армрестлингтен әлем чемпионатында студентіміз Сейдіш Сандуғаш оң және сол қолдан Әлем чемпионы атанды. Бангкокта өткен кикбоксингтен Азия чемпионатында 2 курс студенті Уралбаев Талант 75кг. салмақ дәрежесінде Азия чемпионы атанды. Дзю-до күресінен Азия чемпионатында 3 курс студенті Данияр Шамшиев 73 кг. салмақта Азия чемпионы атанды. Айта берсек өте көп. Қазақ спорт және туризм академиясында «Жыл үздігі – 2022» марапаттау рәсімінде «Ең спорттық Жоғарғы оқу орны» номинациясы бойынша біздің Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты үздік деп танылды.

Байрақты бәсекелерде топ жарған спортшыларға тек сәттілік тілейміз. Мереке құтты болсын