Құрметті әріптестер, отандастар!
Еліміздің мәртебелі мерекесі - Конституция күні құтты болсын!
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заң бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.
Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін.
Ата заңымыз ғұмырлы болсын!
Әр отбасыға құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін, ел іргесі аман, болашағымыз кемел болсын!
Ізгі тілекпен, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ректоры М.Баяндин