COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Генерал-майор Кучукбаев Мереке Матимович ХТИИ-да

Генерал-майор Кучукбаев Мереке Матимович ХТИИ-да

Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Оңтүстік Өңірлік әскери Қолбасшысы, генерал-майор Кучукбаев Мереке Матимович арнайы келді.

Генерал-майор Мереке Матимовичке ХТИИ президенті Нуржан Муслимов пен ректор Марат Баяндин институттың материалдық-техникалық базасын таныстырды.

Бұған дейін ұшқышсыз ұшатын әуе аппараттары - Дрондарды әскерде жауынгерлік оқ ату кезінде қолдану жобасы іске асқанын жазған болатынбыз.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Жаксылыков Руслан Фатихұлына біздің институттың әскермен белсенді іс-әрекеттері өте ұнап, Институт базасынан әскери кафедра ашуға, әскери IT саласының мамандарын даярлау, Дрондарды әскерде қолдану мамандарын дайындау, әскери командирлерді оқыту шаралары қолға алынатын болды.

Бұл іс-шара бұрын соңды әскерде де, Бүкіл Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында да болмаған жоба.