Президент жолдауы 2023: басым бағыттар мен нақты міндеттер
Бүгін Тараз қаласына 5 облыстан келген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің тәрбие саласындағы офицерлеріне және әскери қоғамдық ұйымдарының төрағаларына “Президент жолдауы 2023: басым бағыттар мен нақты міндеттер” тақырыбында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Махметғали Сарыбеков дәріс оқыды.
Елімізде болып жатқан саяси-экономикалық реформаға байланысты өз ойларыммен бөлісті.
Мемлекеттің қауіпсіздігін сақтауда, қоғамдық тәртіпті орнатуда Ұлттық ұланның алатын орны ерекше айтылды.
Сонымен қатар, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, жастардың қоғамдық санасын дамыту, Әділетті Қазақстан үшін адал азаматтарды тәрбиелеу мәселері бойынша қызу талқылау болды.