1 және 4 курс студенттерімен дөңгелек үстел отырысы өтті
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Заң» факультетінің деканы, кафедра меңгерушілері мен профессор оқытушылар құрамы «Еңбек күніне» орай Тараз қаласы Полиция Басқармасының кадр саясаты бөлімінің бастығы, полиция майоры Багжанов Бегзат Балтабекұлы, Жұмыспен қамту орталығы Ізденушілермен жұмыс жасау бөлімінің маманы Көшербек Әділжан және Иманбекова Әсел Туралиевнаның қатысуымен 1 және 4 курс студенттерімен дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Шақыртырылған қонақтар өздерінің қызметтерімен таныстырып, жұмысқа орналасу барысын, шартын, талаптарын айтты.
Қазақстанда 2013 жылдан бері жыл сайын қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып өтіледі. Биыл бұл айтулы күн 24 қыркүйекке тұспа-тұс келіп отыр.
Еңбек күні - бұл күнтізбедегі еңбек мерекесі ғана емес, сонымен қатар жұмыс өңірінің сапа көрсеткіші. Ал еңбек өңірінің сапасы дегеніміз - тұрақты жұмыспен қамту, қауіпсіз жұмыс ортасы, еңбекақының лайықты деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер. Еңбек күнін мерекелеу дәстүрі әлемдік тренд, әлемнің 100-ден астам елі бұл күнді айрықша атап өтеді. Ал бірқатар мемлекеттерде ол мемлекеттік мәртебеге ие.
https://youtube.com/shorts/i1LylBit6iE?si=GQXlNJ2vGGSMCnJp