COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Мамандығым - болашағым

Мамандығым - болашағым

21.09.2023 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Экономика және бизнес» факультетінің ұйымдастыруымен Еңбек күніне орай «МАМАНДЫҒЫМ - БОЛАШАҒЫМ» атты дөңгелек стол өткізілді. Аталған іс—шараға арнайы:

1. «Жусан банк» Акционерлік қоғамы, Жамбыл облыстық филиалы, Сату бөлімінің бастығы - Қаңтарбаев Қанат Айтжанұлы,
2. Тараз қаласының «Тіркеу және Жер» кадастры бойынша №1 бөлім басшысының орынбасары - Айтымбетов Нұрсұлтан Саламатович,
3. Тараз қаласы «ТаразКожОбувь» ЖШС атқарушы директоры - Абдыбаев Еркін Даткабекович,
4. «БанкЦентрКредит» Акционерлік қоғамының басшысы - Иптилдаев Бекдауыл Турдагулович,
5. «Тәрбие және әлеуметтік» бөлімінің маманы Нуркина Роза Назаровна,
6. «Экономика және бизнес» факультетінің деканы PhD, доцент- Қуатбеков Жарас Алпысбаевич,
7. «Экономика және басқару» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к.,доцент Тастанбекова Қарлығаш Нышанбаевна,
8. «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к., доцент
Есперов Елдос Избасарович шақырылды.

Кез келген адамның табысының негізі – біліктілігі, заманға, жұмыс берушінің талабына сай мамандық пен дағдыларға ие болуы.

«Мамандығым - болашағым» - халықтың табысын арттыру бойынша бағдарламаның ішіндегі стратегиялық маңызы бар жоба. Бұл жоба үш негізгі мақсаттан тұрады:

1-ші мақсат, еңбек нарығы мен білім беру саласын сәйкестендіру, ұштастыру.

2-ші мақсат – ЖОО-ларда, колледждерде бідім бағдарламаларын заман талабына сай сәйкестендіру. Ол үшін ұстаздарды оқытып, көтеруіміз керек, кәсіпорындар дуальді форматқа толыққанды көшуі керек. Колледждерді, ЖОО өздеріне байлап, қамқоршы ретінде шығуы керек, мақсатты түрде тапсырыс беруі керек.

3-ші мақсат, адамның болмысында, дамуында кез келген сатыда - орта мектепте, ЖОО-да, колледжде болсын, жас маман, орта буынды маман, жұмыссыз адам – әр сатыда кәсіптік бағдар беру кешенді құралдармен қамтамасыз етуілуі керек.

Яғни еңбек нарығында жаңа мамандықтар, еңбек нарығының талаптары бойынша толыққанды ақпарат ұсынылып, біліктілікті арттыру мүмкіндіктерімен қамтамасыз етуіміз қажет.