Мемлекеттік қызметшілер мектебі аясында мемлекеттік секторға таланттар пулын іріктеу
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Илебаев Лесбек Құралбайұлының қатысуымен факультет декандары мен кафедра меңгеушілері және бітіруші студенттерге «Мемлекеттік қызметшілер мектебі аясында мемлекеттік секторға таланттар пулын іріктеу» тақырыбында семинар өтті.
Баяндама барысында ҚР Мемлекеттік қызметі туралы Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде GPA 3,33-тен төмен емес оқу нәтижесімен оқуын бітірген түлектер осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен "Б" корпусының мына мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналаса алатыны айтылды.
Бұл ретте, аталған түлектер аудандық және ауылдық деңгейлердегі мемлекеттік органдардың басшылық емес лауазымдарына орналаса алады.
Бұл жастар үшін зор мүмкіндік екенін хабарлай отырып, бүгінгі күнге біздің өңірде 2 жас түлек мемлекеттік қызметке орналасып, қызмет етуде, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 1 жас түлегі бүгінгі күнге құжаттарын рәсімдеуде екенін атап өтті.
Бұл орайда осы мүмкіндік жалғыз бітіруші студенттерге ғана емес бітіріп кеткен бітірушілерге де болатын мүмкіндік екенін атап өтті.
Қосымша сұрақтар бойынша 8 (7262) 43 88 26 телефоны арқылы хабарласуға болады.