COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Мендік әлем – сұлу өнер сәніндей!

Мендік әлем – сұлу өнер сәніндей!

2023 жылдың 23 қыркүйек күні А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының белді актрисасы, Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "ТАЛАНТ" студенттік театр труппасының жетекшісі Майра Әлімбетованың 70 жас мерейтойына және актрисалық өнер жолының 50 жылдығына арналған «Мендік әлем – сұлу өнер сәніндей!» атты шығармашылық өнер кеші өтті.

Майра Жалмұханбетқызы кәсіби тұрғыда мейлінше толысып, шыңдалған, өзі сомдаған рольдерді аса сәтті де нанымды шығарып, театртанушылар мен көрермендер тарапынан лайықты бағасын алып, талай биіктерден көрінген дарынды актриса.

Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында жарты ғасырдан астам уақыт бойы актрисалық қызметін үзіліссіз атқарып, осы жылдар ішінде театр репертуарындағы көптеген спектакльдерде 50-ден аса басты рольдерді сомдап, актерлік шеберлігі толысып, жетілген білікті сахна майталманы.

ХТИИ проректоры Гульшат Камбарбековна бастап, әр жылдардағы шәкірт түлектер қоштап, арнайы өнер иесін құттықтады.

Институтымыздың құрылтайшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Байұзақұлының атынан құттықтау хаты табысталып, институт ұжымы атынан құрмет көрсетілді.