COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Студенттер зертхана жұмыстарымен танысты

Студенттер зертхана жұмыстарымен танысты

Сүйікті ісіңнің маман иесі болу өте жауапты да қиын іс. Мамандығын дұрыс таңдаған адам ғана бір маман иесі болатыны бәрімізге аян.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Тараз қаласы "ZHAMBYL STANDART" Стандарттау, сертификаттау және метрология тобы" ЖШС-мен серіктестік келісім шарт негізінде 6В07501-«Стандарттау және сертификаттау» және 6В07503 – «Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау» (сала бойынша) БББ 1,2,3 курс студенттерін топ кураторлары т.ғ.к., Шымыр Ж.А. және Сайлаубек Т.Н. мекеменің зертхана жұмыстарымен таныстырды.

Атқарылатын зертханалық жұмыстардың түрлерімен, жұмысты жүргізу әдістерімен, қондырғылармен және стандарт талаптарымен сәйкестендіру жұмыстары туралы көптеген мәлімет алды. Мекеме тарапынан зертхананың жетекшісі Шеңгелбаева Роза Қырғызбайқызы студенттердің сұрақтарына жауап бере отырып стандарттау, сертификаттау және метрология саласы бойынша қажетті ақпараттарымен бөлісті.