COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / АҚШ-тың Небраска-Линкольн университетінің профессорлары іссапармен келді!

АҚШ-тың Небраска-Линкольн университетінің профессорлары іссапармен келді!

2023 жылдың қазан айының 16-17 күндері аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтына АҚШ-тың Небраска-Линкольн университетінің профессорлары іссапармен келді!

Іссапардың мақсаты:
1. Шерхан атындағы институтпен танысу және байланыс орнату.
2. Университеттер арасындағы екіжақты келісімнің мүмкіндіктерін талқылау.
3. Университеттер арасындағы бірлескен ғылыми жобаларды талқылау.

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өткен жиында Небраска-Линкольн университетінің профессорлары “UNICEN” бірлескен жобалары жайлы Эндрю Зимброфф және Бренан Костелло лекция оқыды. Сонымен қатар лекцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Айта кетейік, Линкольндегі Небраска университеті — Линкольн қаласында орналасқан американдық қоғамдық зерттеу университеті. Штаттағы ең көне және ең ықпалды университет, Небраска университеттер жүйесіндегі флагмандық университет.