Жануарлар цитологиясы, гистологиясы және эмбриологиясы
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультетінің «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының аға оқытушысы Мурзажанова А.О. 6В09102 - «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламасы бойынша ВМ-23-1 топ студенттеріне «Жануарлар цитологиясы, гистологиясы және эмбриологиясы» пәнінен «Жасушаның химиялық құрамы» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақ өту барысында, сабақтың мақсаты студенттерге: жасушаның химиялық құрамы, яғни жасушаны құрайтын молекулалық компоненттері және олардың атқаратын қызметі туралы білімді тереңдету, таныстыру.
Ашық сабаққа «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы, Ниязова Палли Рашидқызы, т.ғ.к.Маликтаева П.М. «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының меңгерушісі, в.ғ.к.Абдибеков Б.Т. «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.Шымыр Ж.А. «Стандарттау және ветеринария» кафедрасының аға оқытушысы қатысты.