COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / "Абай түні" поэтикалық кеші өтті

"Абай түні" поэтикалық кеші өтті

17-қараша Халықаралық студенттер күніне орай “Жастар саясаты және тәрбие жұмысы” басқармасының ұйымдастыруымен "Студенттер үйінің" кинозалында тұңғыш рет “Абай түні” поэтикалық кеші өтті.

Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбаевтың мол мұрасын насихаттау, Хакім Абайдың толық адам ілімін жастарға түсіндіру мақсатында өткізілген кештің студенттерге берер тәрбиесі мен тағылымы мол болды.

Институтымыздың жалынды жастары Абайдың өлеңдерін, аудармаларын, қара сөздерін, әндерін айтып, Абайдың "Тор жорға" атты күйін тартып, ұлы Абайға арнауларын жарыса айтып кештің көркін қыздыра түсті.

Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абай көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заман жастары жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын болып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашанда сарқылмақ емес.