COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы агротехнологиялар

Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы агротехнологиялар

Қараша айының 12-16 күндері Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Биология және ауыл шаруашылық мамандықтар» кафедрасының профессор оқытушылар құрамы: кафедра меңгерушісі тех.ғ.к., К.У.Айтекова, а/ш.ғ.к., Қ.Ж.Сейтбаев, магистр аға оқытушы Ж.Р.Таңсықбай Өзбекстан Республикасы «Қарақалпақстан ауыл шаруашылығы агротехнологиялар» институтына академиялық ұтқырлық жұмыстарымен келісім шарт жасау, сонымен қатар кәсіптік бағдар жүргізу бойынша іс-сапарға барды.

Өзбекстан Республикасының Нукус қаласындағы «Қарақалпақстан ауылшаруашылығы агротехнологиялар» институтымен екі ел арасындағы меморандумға қол қойылып келісім жасалынды.

Сонымен қатар іс-сапар кезінде Нукус қаласының тағы бір жоғары оқу орнымен Өзбекстан республикасының «Бердаха атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетімен» Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты арасында меморандумдық келісім шарт жасалды.

Кәсіптік бағдар бойынша Хорезм облысы, Үргінші қаласында «Хиуа ауылшаруашылық» техникумында болып, ол жақта студенттермен кездесу өткізіп техникумның арнайы шақырылған Нукус телевидениясына Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында оқылатын білім беру бағдарламалары және оқу базасымен таныстыру жұмыстары жүргізілді.