COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ЕКІНШІ АЙМАҚТЫҚ «ITII HACKATHON -2023»

ЕКІНШІ АЙМАҚТЫҚ «ITII HACKATHON -2023»

2023 жылдың 17 қарашасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Екінші Аймақтық «ITII HACKATHON -2023» өткізілді. Қатысушылар өз жобаларын қорғап, олардың ішінен ең үздіктер анықталды.

ITII HACKATHON – бағдарламашылар сайысы, экономиканың нақты секторлары үшін IT шешімдерін іздеу мақсатына арналған платформа.
Екінші Хакатонда қатысушылар саны өскен: 400- ге жуық мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, жалпы 70 команда қатысты.

Хакатонға еліміздің ІТ технологиялар саласынан 20-ға жуық мамандар эксперттер, менторлар ретінде тартылды.Хакатонның сырттай этапы 20 күн шамасында өтті. Оның нәтижесі – дайын ІТ өнім болуы тиіс еді. Хакатонға студенттер мен оқушылар жоғары қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты.

Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ ұсынған «ЖОО үшін чат-бот әзірлеу» №1 Кейсі бойынша Тараз қ. №53 орта мектебі оқушыларының «Encoders» командасы ең үздік деп аталып, Ш.Мұртаза ат. ХТИИ оқу грантына иеленді. Команданың барлық 3 мүшесі біздің инститтутымыздың болашақ грант иегерлері.

«БанкЦентрКредит» АҚ ұсынған «Инновациялық Fintech сервисін әзірлеу» №2 Кейс бойынша Тараз қаласының №45 мектеп-гимназиясы оқушыларының «AFive» командаcы ең үздік болып табылды, олар 1000000 теңге жүлдеге ие болды.

«Platonus» ЖШС ұсынған «Білім беру мекемелері үшін веб-қосымша әзірлеу» №3 Кейс бойынша ең үздік команда деп «Парасат» колледжінің «Троя» командасы жүлделі приз – 3000000 теңгеге ие болды.

Екінші Аймақтық «ITII HACKATHON -2023» сәтті және нәтижелі өтті. Бұл форум институттың дәстүрлі ІТ шарасына айналуда. Келесі Хакатонда кездескенше!