COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / КӘСІБИ БАҒДАР 2024

КӘСІБИ БАҒДАР 2024

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы мектеп бітіруші түлектер мен оқушыларға кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ауданының мәдениет үйінде кездесу өтті.

Шараға Жамбыл ауданының мектеп бітіруші түлектері мен ұстаздары, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Досымбекова Махпал Сатыбалдықызы, ауданның білім бөлімінің басшысы Абдрасилова Зәуре Садуақасқызы қатысты. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты вице-президенті Махметғали Сарыбеков оқу ордамыз туралы толық ақпарат беріп, материалдық-техникалық базамен, профессор-оқытушылар құрамымен, білім беру бағдарламаларымен толық таныстырды.

Сонымен қатар "Экономика және бизнес" факультетінің деканы Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы факультет даярлайын мамандықтар туралы мәліметтер беріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты Қабылдау комиссиясының төрағасы Байкулов Мұхит сөз сөйлеп, қабылдау комиссиясы жұмысымен таныстырды.

Шара барысында институтымыздың өнерлі жастары концерттік бағдарлама ұсынды.