COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Әріптестік байланыс орнатылды

Әріптестік байланыс орнатылды

Қараша айының 23-25 аралығында Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығы және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының «Тұлғалар алаңы» атты біріккен жобасының аясында А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Лаура Ноғайбекқызы Дәуренбекова жұмыс іссапарымен келіп, арнайы жоспар бойынша іс-шараларға қатысты.

24-қараша күні институт қонағы Ш.Мұртазаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, одан кейін институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының студенттері мен профессор-оқытушыларына арналған «Ш.Мұртазаның аудармашылық шеберлігі» тақырыбында мазмұнды қоғамдық дәрісін оқыды. Осыдан соң институттың профессор-оқытушылар құрамы мен Ғылым және халықаралық байланыс басқармасының қызметкерлеріне «ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынылған басылымдар қатарына кірудің алғышарттары мен талаптары» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

25-қараша күні «Жаңа Қазақстан дәуіріндегі аударматанудың өзекті мәселелері: зерттелу тарихы, теориясы, қалыптасуы мен дамуы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мазмұнды баяндамасын оқыды.

Сонымен қатар, конференция барысында екі ЖОО арасында әріптестік байланыс орнату мақсатында арнайы меморандумға қол қойылып, алдағы жоспарлар талқыланды.