COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Патриот болу - парыз

Патриот болу - парыз

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Жастар саясаты және тәрбие жұмысы" басқармасы мен облыстық билер кеңесінің ұйымдастыруымен "Патриот болу - парыз" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.

Шараға институт ректорының кеңесшісі Аскар Абдуалы, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы, облыстық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ермеков Дүкенбай, облыстық Желтоқсан ардагерлерінің төрағасы Исмайл Хаджимуратов, билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Ахатұлы, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру тұрақты комиссиясының төрағасы Саймасаев Орынбасар және студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелді басқарма басшысы Бахтияр Бекназаров жүргізді. Келген қонақтар патриоттық тәрбие берудің қыр-сырымен бөлісіп, ойларын ортаға салып, тәжірибесімен бөлісті.