COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы

«Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАК қолдауымен «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасын жүзеге асырды.

Аталған жоба аясында волонтер жастардың жобалары үшін 300 000 тг. көлемінде шағын гранттар конкурсы өткізілді. Гранттың мақсаты: халық арасындағы, соның ішінде ауылдық елді мекендерде цифлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін волонтерлік көмек пен бейресми оқу әдістері арқылы арттыру.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты білімгері Намелбек Азамат Намелбекұлы “E Tulga” жобасымен грант жеңімпазы атанды. “E Tulga” жобасының мақсаты Тараз қаласы тұрғындарының электронды үкімет порталымен қалай қолдану керек екендігі туралы тегін курстарды өткізу.

2023 жылдын 27-28 караша аралығында Астана қаласында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлтық жоба қорытындысы бойынша форум өтті. Шараға еліміздің 20 облысы мен 3 маңызды қалалардан келген белсенді волонтерлар мен грант жеңімпаздары жалпы есеппен 100 ден аса адам қатысты.

Форум барысында шағын грант жеңімпаздары арасында ең үздік 7 жоба 100 000 тг көлеміндегі сыйақымен марапатталды. Аталған сыйлықақымен Намелбек Азамат Намелбекұлы марапатталған болатын.