COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / “Экологиялық химия” пәнінен факультет деңгейінде ашық сабақ өтті

“Экологиялық химия” пәнінен факультет деңгейінде ашық сабақ өтті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультетіне қарасты, “Жаратылыстану мамандықтары” кафедрасының аға оқытушысы Егисинова Аяжан Мақсатқызы, «Химия» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы «Хим-21-1» тобының студенттіріне “Экологиялық химия” пәнінен факультет деңгейінде ашық сабақ өтті.

Мақсаты: білім алушыларға экологиялық химияның маңызы, химиялық заттардың қоршаған ортаға тікелей және жанама әсерлерінің салдары, олардың теріс әсерін азайтудың ықтимал жолдары туралы білімдерін жалпылау және жүйелеу.

Сабақ барысында қолданылған әдістер: Case Study, brainstorm. Case Study әдісі арқылы студенттер белгілі бір комбинациядағы көптеген жағдайлар мен міндеттерді қарастыру арқылы тақырыпты зерттеп түсінеді. Бұл технология келесі дағдыларды дамытуға ықпал етеді:
-шынайы өндірістік мәселелерді шешудің оңтайлы жолын таңдау;
-тапсырмаларды балама шешуді бағалау;

Бұл әдістің міндеті-әр студентті мәселені шешу үшін өз бетінше жұмыс істеуге барынша белсендіру және топтық жұмысты күшейту. Сонымен қатар «Case» тапсырмасын шешу барысында өздері ұсынған талдау әдістерін тәжірибе жүзінде, зертханалық жұмыстарымен дәлелдеді.