COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремалары»

«Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремалары»

30.11.2023ж. күні «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасының аға оқытушысы, магистр И.Айтбаева БСЭ-22-1,3 топтарының білім алушыларымен «Математика» пәнінен «Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремалары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: кездейсоқ, мүмкін, ақиқат, тең мүмкіндік, элементар оқиғаларды таныстыру; ықтималдықтың классикалық анықтамасын үйрету; ықтималдықтың классикалық анықтамасын есептер шығаруда қолда алу; қарама-қарсы оқиғаларды анықтайды және олардың ықтималдылығын табуды үйрету.

Сабақ барысында студенттер ықтималдықтарды қосу және көбейту теоремаларын практикада есеп шығаруда жақсы түсініп, жаңа тақырыпты игере алды деп айтуға болады. Топты екі қарсылас командаға бөліп, деңгейлі тапсымалар беріліп, сабақ соңында студенттер өз-өздерін бағалауға мүмкіндік берді.

Сабаққа «Жаратылыстану» факультетінің «Ішкі сапаны қамтамасыз ету» комиссиясының төрағасы аға оқытушы т.ғ.к. Ж.Шымыр, мүшесі А.Омарова, «Жаратылыстану мамандықтары» кафедрасының меңгерушісі А.Шырақбаев, аға оқытушылары Ж.Әбдраманова, Д. Кемелова қатысты.