COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Микроорганизм клеткасын зерттеу

Микроорганизм клеткасын зерттеу

30.11.2023 ж. күні “Стандарттау және ветеринария” кафедрасының оқытушысы, магистр Сайлаубек Т.Н. кафедраның дуалды оқыту жоспарына сай СС-21-1 тобының білім алушыларына “Тамақ өнімдерінің микробиологиялық қауіпсіздігі” пәнінен “Микроорганизм клеткасын зерттеу” тақырыбы бойынша “ZHAMBYL STANDART” ЖШС базасында ұйымдастырылған кафедра филиалында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге клеткадағы нуклеотидтердің маңыздылығын түсіндіру.

Теорияны өндіріспен ұштастыра оқытуға негізделген дуалды оқыту мақсатына сәйкес өндірістік жағдайда білім алушылар болашақ мамандықпен байланысты шынайы өмірде микроорганизм клеткаларын зерттеудің маңыздылығын зерделеуге мүмкіндік алды.

Сабақ барысында білім алушылар микроорганизм клеткасын зерттеу арқылы кәсіби біліктер мен дағдыларды, іскерліктерді тікелей жұмыс орнында меңгеру және жан-жақты кәсіби дамуына мүмкіндік туындады, білім, ғылым, өндіріс - сынды жүйелердің өзара байланысы, өзара әсері қамтамасыз етілді.

Микроорганизмдердің клеткасының құрылысын зерттеу электронды микропкопия көмегімен іске асты. Зерттеуде алынған обьектінің кескіні электрондардың тасқыны арқылы алынады. Микроскопиямен жұмым істеу әдісін меңгерумен қатар нақты тәжірибелер жүргізілді. Микроорганизм клеткасын бұзу тәжірбие жүзінде-пияз клеткасын тұз, ыдыс жуатын сұйықтық және спирт көмегімен дәлелдеу арқылы білім алушылар тамақ өнімдерінің микробиологиялық қауіпсіздігінің маңыздылығын түсіне білді.

Білім алушылардың кәсібилікке бағытталған біліктілігін көтеруге тақырып бойынша қарастырылған сұрақтар мен тәжірибелердің композициялық айқындылығы, тұтастығы мен қисындалағы маман дайындау сапасын арттыруға жағдай қалыптастырды.

Сабақ соңында тақырып бойынша қосымша ақпарат беру мақсатында жаппай ашық онлайн курстарына (МООК) сілтеме берілді.

Сабаққа “Жаратылыстану” факульетінің “Ішкі сапаны қамтамасыз ету” комиссиясының төрағасы аға оқытушы, т.ғ.к. Шымыр Ж.А., аға оқытушы, т.ғ.к. Маликтаева П.М., өндірістен қабылданған қос қызметтегі аға оқытушы Дәуренбеков Ж.К. қатысты.