COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / "Жұмысқа орналасуға көмек" атты семинар-тренинг

"Жұмысқа орналасуға көмек" атты семинар-тренинг

01.12.2023 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу секторы, Академиялық саясат басқармасының жетекшілігімен бітіруші студенттерге арналған "Жұмысқа орналасуға көмек" атты семинар-тренинг өткізді.

Тренингтің басты мақсаты – институт түлектерін жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге бағытталған. Спикерлер ретінде с.ғ.к., ICF коуч. Телеуова С.О, және Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасымен 08 сәуір 2022 жылы келісілген ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде консультациялық қызмет көрсетуге құқықтық қамтамасыз ету және педагог кадрлармен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Арын М.С қатысты.

Тренинг 2023 жылдың қарашада айында өткізілген бітіруші студенттердің әлеуметтанулық сауалнама нәтижесін презинтация арқылы таныстырудан басталды. Білім басқармасының бас маманы Арын М.С. бітіруші студенттерді enbek.kz сайтындағы бос жұмыс орындарына орналасу конкурсына қатысудың негізгі ережелерімен, ҚР БҒМ 2012 жылғы 21 ақпанындағы № 57 бұйрығының 3-тарауымен таныстырды.

Тренингке қатысушылардың жағымды психологиялық дйындық үшін коуч-психолог Телеуова С.О. сенімді мінез-құлыққа, өзін-өзі орналастыру қабілетіне және т.б. бағытталған түрлі жаттығулармен жалғастырды. Бұл іс – шара бітіруші студенттерді жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуге, ішкі әлеует пен құзыреттілікті ашу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды.