COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Үздік әлеуметтік көмекші

Үздік әлеуметтік көмекші

2023 жылдың 5 желтоқсан күні Астана қаласында Халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған шарада әлеуметтік маңызы бар 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты 2 курс студенті Азамат Намелбек үздік әлеуметтік көмекші номинациясымен марапатталды.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Вера Ким, Константин Авершин, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Қадыров, Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязходжаев, БҰҰ-ның Еуропа және ТМД елдері бойынша еріктілер бағдарламасының өңірлік менеджері Римма Сабаева қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, «Жыл волонтері» сыйлығы волонтерлер қозғалысын дамытуға және қолдауға елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлерді көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған.