COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Бітіруші студенттермен жұмысқа орналасу алдындағы бағыт» атты семинар-тренинг өтті

«Бітіруші студенттермен жұмысқа орналасу алдындағы бағыт» атты семинар-тренинг өтті

06.12.2023 жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу секторы, Академиялық саясат басқармасының жетекшілігімен "Экономика және бизнес", "Жаратылыстану" және "Заң" факультеттерінің бітіруші студенттеріне арналған «Бітіруші студенттермен жұмысқа орналасу алдындағы бағыт» атты семинар-тренинг өткізді.

Тренингтің басты мақсаты – институт түлектерін жұмысқа орналасуға көмек көрсетуге бағытталған. Тараз қаласы Полиция басқармасы тәрбие және кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Бакжанов Бекзат Балтабекович, Жамбыл облысы Полиция департаменті Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция капитаны Бекжанов Куаныш Уланович, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Тулентаева Фариза Мустафаевна қатысты.

Тренингке қатысушылардың жағымды психологиялық дйындық үшін, институтының “Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету” орталығының маманы Түймебай Әсем Абзалқызы сенімді мінез-құлыққа, өзін-өзі орналастыру қабілетіне және т.б. бағытталған түрлі жаттығулармен жалғастырды. Бұл іс – шара бітіруші студенттерді жұмысқа орналасуға қолдау көрсетуге, ішкі әлеует пен құзыреттілікті ашу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды.