Пәндік олимпиада
2023 жылдың 7-8 желтоқсанында сағат 11:00,15:00 аралығында “Жалпы педагогика” кафедрасы ұйымдастырған 6В01101- “ Педагогика және психология”, 6В01301- “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламалары бойынша пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың басталу салтанатын “Педагогика” факультетінің деканы п.ғ.к., Ботабаева А.Е. және “Жалпы педагогика” кафедарсының оқытушылары қатысты.
6В01101- “Педагогика және психология” ббб бойынша олимпиада кезеңдері:
1. Топтың визит картасы [5-7мин].
2. Психологиялық пікірталас[20 мин]
3. Ғылыми жоба [25-30 мин]
6В01301- “ Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” ббб бойынша олимпиада кезеңдері:
1. Топтың визит картасы [7-10 мин].
2. ”Педагогтың кәсіби құзыреттілігі” тақырыбында шеберлік сыныбы [25-30мин]
3. Базалық пәндер бойынша сұрақтар топтамасы [20-25 мин]
4. Ғылыми жоба [25-30 мин]
Олимпиада қорытындысы командалар бойынша есептелінді. Үздік нәтиже көрсеткен студенттер марапатталды. Республикалық пәндік олимпиадаға жолдама берілді.