COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Ғұмырын ғылымға арнаған тұлға тағылымы

Ғұмырын ғылымға арнаған тұлға тағылымы

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні Жамбыл тарихи өлке тану музейіне қарасты «К.И. Скрябин мұражай үйі» әлемге белгілі гельминтолог - паразитолог академик К.И. Скрябиннің 145 жылдығына орай «ҒҰМЫРЫН ҒЫЛЫМҒА АРНАҒАН ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс шараға Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық институтының стандарттау және ветеринария кафедрасының аға оқытушылары Қазақбаев Қалмұрат Момынқұлұлы, Қартабаев Қанатбек Қадырұлы қатысып, академиктің еңбектері туралы баяндамамен презентация жасап, К.И.Скрябиннің өмір жолы, ғылымдағы ғұмыры, еңбектері туралы деректермен, ой пікілермен бөлісті.

Дөңгелек үстелге Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық институтының стандарттау және ветеринария факултетінің 1 және 4 курс студенттері де қатысты. Баяндамашыларға қонақтармен студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Баяндамашылар Жамбыл тарихи өлке тану музейі тарапынан алғыс хатпен марапатталды.