COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Пәндік олимпиада

Пәндік олимпиада

15.12.2023 жылы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында "Тарих және география" кафедрасына қарасты 6В01501- География білім беру бағдарламасының 1 және 4 курс студенттері арасында пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданың мақсаты:
– пәндік біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;
– студенттердің оқу мотивациясын арттыру;
– ақыл-ой қабілеттерін және зерек ойлылықты дамыту;
– өзін-өзі бақылай алу, өзін-өзі бағалау дағдыларын меңгеру;
– ізденушілік және өз бетінше білім алу әрекеттерін дамыту
- ең білімді студенттерді іріктеп, мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

Пәндік олимпиада 3 кезең бойынша өтті.
I-кезең: Тест сұрақтары
II-кезең: Географиялық обьектілерді сәйкестендіру және географиялық терминдерді айту
III-кезең: Географиялық есептерді шығару.
Олимпиада қорытындысы бойынша кафедра меңгерушісі: Мырзабеков Ж.Е. студенттерді орындарымен құттықтап, дипломдармен марапаттады.

1-ші орынды Гео-23-1 тобының студенті Нүсіп Аружан,
2-ші орынды Гео-21-1 тобының студенті Акбар Аружан,
3-ші орынды Гео-23-1 тобының студенті Шарафуллин Тимур алды.

Олимпиада студенттің өзінің қандай екенін көрсете алатын, потенциалды мүмкіндіктерін ашатын әлеуметтік-психологиялық шарттарды жасайды және де үздіксіз шығармашылық ізденісте болатын интеллектісі дамыған тұлғалармен қарым-қатынас формасын жасауға тәрбиелейді.