COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / АКТ Академия Huawei

АКТ Академия Huawei

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты базасында Huawei АКТ Академиясы жұмыс жасауда.
Бүгінгі күні цифрландыру саласының мамандары жоғары сұранысқа ие. Қазақстанда жоғары білікті мамандарды даярлау үшін Huawei компаниясы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытында оқитын студенттерді оқытуға арналған АКТ академияларын құрды.

Бұл академиялар компанияның программалық бағдарламасы мен инновациялық технологияларын қолдана отырып, теориялық және практикалық оқытуға бағытталған. Студенттер АКТ саласындағы халықаралық тәжірибелермен танысып, ең өзекті, кәсіби білім алуда.
Huawei АКТ Академиясының онлайн курстар тізімі ауқымды: жасанды интеллект, BigDATA, бұлттық технологиялар, киберқауіпсіздік.

13.06.2023 жылы «Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының оқытушылары Кемел А., Әбдіғаппар Қ. Huawei компаниясының авторизацияланған курсынан өтіп, Академия тренеры атанды. Академия курстарын сәтті аяқтап шыққан студенттер халықаралық сертификатқа ие болады. Әлемдік деңгейдегі сертификат жас мамандарға қосымша мүмкіндіктер беріп, қазақстандық және халықаралық компанияларда жұмыс жасауға мүмкіндік береді.