COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Меморандумға қол қойылды

Меморандумға қол қойылды

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты арасында «Қызыл Жарты Ай» қоғамы Жамбыл облыстық филиалының қолдауымен ерікті өтеусіз донорлықты дамытуға арналған меморандумға қол қойылды.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысының қан қызметінің мақсаты - сапалы қауіпсіз қанмен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ халық арасында өтеусіз донорлықты насихаттау. Жыл сайын Жамбыл облыстық қан орталығына қан тапсыру үшін 15000-нан астам адам жүгінеді. Жыл сайын қан компоненттерінің 24 мыңнан астам дозасы дайындалады.