COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024 | МОДУЛЬ 5 Білім алушыларды оқыту және бағалау

ҚЫСҚЫ МЕКТЕП-2024 | МОДУЛЬ 5 Білім алушыларды оқыту және бағалау

«Педагогика» факультетіне қарасты «Жалпы педагогика» кафедрасының п.ғ.к. К.С. Бактыбаева «Білім алушыларды оқыту және бағалау» бойынша «ЖОО-да оқытудың интерактивті әдістері, формалары мен құралдары» және «Студенттердің оқу қызметін бағалау» тақырыптары аясында шеберлік сабақтарын жүргізді.

К.С. Бактыбаева «ЖОО-да оқытудың интерактивті әдістері, формалары мен құралдары» тақырыбы аясында оқыту пирамидасын түсіндіріп өтіп, оқытушыларға сергіту сәтін жүргізді.Әрмен қарай, «Джигсо» әдісіне тоқталып, сабақты жоспарлау барысында сүйенетін басты қағидалар атап айтқанда Smart мақсаттарға тоқталды. Аталған тақырыпты қорытындылай келе, студенттерді бағалау және критериалды бағалауды сондай-ақ оқудан күтілетін нәтиженің маңыздылығына басымдық қойды.

«ЖОО-да оқытудың интерактивті әдістері, формалары мен құралдары» тақырыбы аясында оқытушыларды төмеендегідей 5 топқа бөлді:

1 топ «Сот процесі»;

2 топ «Пресс-конференция»;

3 топ «SWOT анализ»;

4 топ «Венн-диаграммасы»;

5 топ «6 қалпақ».

Әр топ өздеріне берілген тақырыптарды қорғап, тапсырмаларды сәтті орындап шықты. Сонымен, «Білімалушыларды оқыту және бағалау» модуль бойынша оқытушылар толық меңгерді:

-дәріс, семинар және зертханалық сабақтардың айырмашылығы мен байланысы;

-сабақты жоспарлау, мақсат қою;

-Smart мақсаттарын қоя білу ;

-сабақтан күтілетін нәтижелер;

-педагогикалық әдістерді қолдану жағдайлары;

-білімалушыларға шығармашылық тапсырмалар арқылы тақырыпты тез меңгеруге баулу;

-институттағы бағалау жүйесі;

-білімалушылардың білімін бағалау.

Жоғарыда аталған модуль бойынша шеберлік сабақты тұжырымдай келе, оқытушыларға өзінің педагогикалық мол тәжірбиесімен және заманауи әдістерімен бөліскені үшін «Жалпы педагогика» кафедрасының п.ғ.к. Кулизат Сағынқалиқызына зор алғысымызды білдіреміз!