COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Мамандықты дұрыс таңдау - өмірдің кірпішін дұрыс қалау

Мамандықты дұрыс таңдау - өмірдің кірпішін дұрыс қалау

Бүгін "Жаратылыстану" факультеті, «Тарих және география» кафедрасының бастамасымен «Мамандықты дұрыс таңдау - өмірдің кірпішін дұрыс қалау» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелді т.ғ.д профессоры Асқар Абдуалы жүргізіп, академиялық саясат басқармасының бастығы Диана Акимова жұмыс оқу жоспарының басты бағыттары мен басшылыққа алынған талаптармен таныстырды. Шараға қала бойынша орта мектептер мен пән мұғалімдері қатысып, ой бөлісті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - «Тарих», «География» білім беру бағдарламаларының жұмыс оқу жоспарын талқылап, жұмыс берушілердің пікір-ұсыныстары мен көзқарастарын айқындап, өзгерістер енгізу, еңбек нарығындағы сұраныстарын арттыру болып отыр. Дөңгелек үстел еркін сұхбат түрінде жалғасты. Қонақтар мен қатысушылар жалпы білім беру, жаңартылған білім мазмұны, жоғары кәсіби мамандар даярлау мәселелері бойынша өз пікірлерін білдіріп, ортақ ұсыныстарын жеткізді.

Дөңгелек үстелді қорытындылаған Джамбул Мырзабеков бұл шараның «Тарих», «География» білім беру бағдарламаларының даму бағыттарын айқындау мен аймақтық сұранысын арттыруда өте маңызды екендігін атап айтты. Шара соңында институт басшылығы тарапынан қонақтарға ортақ әріптестік байланыстар мен жалпы белсенділігі үшін алғыс хаттар табыстады.