COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Болашақ мұғалімдер мектептерде дәріс беруде

Болашақ мұғалімдер мектептерде дәріс беруде

2023-2024 оқу жылының оқу жоспарына сәйкес Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Педагогика» факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасыны 4 - 2-курс студенттері психологиялық-педагогикалық практикасынан, 3-курс студенттері оқу-тәрбие педагогикалық практикасынан, 4-курс студенттері педагогикалық (өндірістік) практикасынан Тараз қаласы №25 орта мектебі, Д.Карбышев атындағы №16 орта мектебі, Жамбыл ауданы Әкім Тарази атындағы тірек мектептеріне келісім-шарт негізінде жіберіліп, практикадан өтуде.

Практиканың ұйымдастыру конференциясы өтіп, студенттерге практиканың мақсат-міндеттері және бағдарламасы таныстырылды. Ұйымдастыру конференциясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Р.А.Беркенова ашып, жастардың сапалы маман иесі болып шығуына, студенттер теория мен тәжірбиені ұштастырып жұмыстар жасауына және олар іс-тәжірибе барысында озат мамандардан үйреніп, жаңа жабдықталған технологияны және әдістерді практика барысында үйрену керектігін түсіндіріп өтті.

Жетекшілік ететін оқытушылар студенттерге практиканы ұйымдастыру бойынша барлық қажетті құжаттар мен әдістемелік нұсқаулықтарды берді. Педагогикалық практикасынан өту барысында студенттер болашақ педагогикалық іс-әрекетте педагогикалық рефлексия мен педагогикалық процесті сыни тұрғыдан түсінудің қажетті кәсіби дағдыларын қалыптастырады, сонымен қатар практика студенттерге педагогикалық іс-әрекеттің дағдыларын игеруге және педагогикалық шеберлік негіздерін игеруге мүмкіндік береді.