COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Мамандығым-мақтанышым

Мамандығым-мақтанышым

2024 жылдың 26 қантарда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастырумен «Мамандығым- мақтанышым» тақырыбында ашық есік күні өтті. Болашақ абитуренттерге Халықаралық Тараз инновациялық институты өз есігін айқара ашты. Ашық есік күні – мектеп оқушылары өз армандарына бір қадам жақындап, «оқуға түссем» деген мақсаттарын жүзеге асыру жолдарымен танысты. Талапкерлер мен ата-аналар институтке түсу үшін қажетті әрі маңызды ақпараттармен танысып қана қоймай, «Дене шынықтыру және спорт» «Кәсіптік оқыту», «Бастапқы әскери дайындық», «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламамыздың бағытынан да хабардар болды.
Институтың профессор оқытушы қызметкерлері мен студенттері талапкерлерге оқу орнына түскеннен кейінгі өмірлері мен оқу орнының тыныс-тіршілігімен таныстырды. Талапкерлерге «Дене шынықтыру және спорт» «Кәсіптік оқыту», «Бастапқы әскери дайындық», «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламалары бойынша мазмұнды презентациялар, фильмдер көрсетілді. Талапкерлер «Шығармашылық мамандықтар» факультет деканына, қабылдау комиссиясының мүшелеріне, кафедра мамандарына өз сұрақтарын қойып, толыққанда жауап алды.