COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Оқу-танысу практикасы

Оқу-танысу практикасы

«Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының 1 курс студенттеріне оқу-танысу практикасы өтуде.

Алғашқы күні студенттерге конференция ұйымдастырылып кафедра меңгерушісі э.ғ.к. Елдос Есперов практиканың мақсат-міндеттерімен таныстырды және практика өту барысында институттың басқару құрылымымен, жатақханамен, кітапханаларымен танысатындары туралы ақпарат берді.

Сонымен қатар кафедраның аға оқытушысы э.ғ.к. Мурат Жумадильдаев қазіргі кезеңдегі цифрлық экономикаға байланысты мамандықтың сұранысқа ие болатындығы туралы және практика өту барысында өздеріне қажетті мәліметтерді, ақпаратты ұялмай сұрап білуге тырысу керек екенін ескертті. Кафедраның доценті э.ғ.к. Жакашев Бейбіт Райкулович мамандықты таңдаудағы бағыттарының қазіргі кезеңдегі өзекті мәселе екенін және әлемдік деңгейде сұранысқа ие мамандық екенін атап өтті.

Кафедра тарапынан практикаға жауапты доцент Баян Уристенбекова студенттерге практика күнделігін қалай толтыру жодарымен, практикаға арналған әдістемелік нұсқауы мен бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар мамандықтың білім беру бағдарламаларымен және эллективті пәндер каталогімен таныстырып, студенттерге төрт жыл бойы оқитын пәндерімен қысқаша таныстырды. Практика біткеннен оның қортындысы бойынша есеп жазып өткізу қажеттілігі туралы айтылды.

Аға оқытушы Саркулова Жанар институттың бас ғимаратымен, жатақханасымен және кітапханаларымен таныстырды.