COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / ХТИИ студенттері Cisсo желілік Академиясының Халықаралық сертификаттарын алды

ХТИИ студенттері Cisсo желілік Академиясының Халықаралық сертификаттарын алды

IT-технологиялар қарқынды даму сферасы, бұл бағытты таңдаған студенттер үшін үнемі  оқу және кәсіби даму өте маңызды.

Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ  2023 жылы Cisco желілік Академиясы және  Huawei ІСТ Академиясымен  серіктестік орнатты. Бұл «Ақпараттық – коммуникациялық  технологиялар» бағытындағы білім беру бағдарламаларының студенттеріне осы әлемдік компанияларда АКТ саласында оқу мен сертификаттаудан өтуге мүмкіндік берді. 

Бүгінгі күні «Ақпараттық жүйелер және технологиялар», «Компьютерлік инженерия», «Computer Science» білім беру бағдарламаларының студенттері «Python бағдарламалау» және  «Киберқауіпсіздік» курстары бойынша Cisco компаниясының Халықаралық сертификаттарын алды.

«Python бағдарламалау» курсын оқу барысында студенттер  бағдарламалау негіздерін, компьютерлік бағдарламалаудың жалпы тұжырымдамалары мен әдістерін және объектіге бағытталған тәсілдің ерекшеліктерімен танысып, заманауи бағдарламалау дағдыларына ие болды.

«Киберқауіпсіздік» курсында студенттер киберқылмескерлердің   әдіс-тә сілдерімен, қолданатын процедураларымен  танысып, желілік инфрақұрылым ның барлық компоненттерін қорғау үшін технологияларды, процестерді және процедураларды қалай қолданатынын меңгеріп, ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық, программалық, техникалық біліктері мен дағдыларына ие болды.

Cisсo Академия түлектеріне сәттілік және кәсіби жетістіктер тілейміз!