COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Шайқалмаған шаңырақ

Шайқалмаған шаңырақ

20-22 ақпан аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында өткен «Шайқалмаған шаңырақ» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өз мәресіне жетті.

Ұрпақ тәрбиесіне жұмсалған күш-жігер, өлшеусіз уақыт, тынымсыз еңбек – болашаққа деген ең маңызды инвестиция, ең ұтымды үлес екендігі анық.

Конференция заман үрдісіне сай ұлттық құндылықтар аясында тұрақты, отбасылық өмір межелерінде туындайтын қиындықтар мен дағдарыстардың алдын алатын және оны болжау мүмкіндігін беретін «шайқалмайтын шаңырақ», яғни тұрақты отбасы моделін қалыптастыруға ықпал ету үшін еліміздің әр түкпірінен сала мамандарының басын қосты.

Үш күнге созылған конференцияның бұл қорытынды бөлімінде қатысушылар мен ұйымдастырушылар марапатталды және Шерхан институтының «Талант» студенттер театрының «Ауылдан келген ару» атты сахналық қойылымымен аяқталады.