COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Көкен Шәкейұлының 100 жылдығына арналған іс-шара өтті

Көкен Шәкейұлының 100 жылдығына арналған іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 20-шы наурыз күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, Ақпараттық-кітапханалық орталығы №3 оқу залының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан ақын-жыршылар Одағының тұңғыш президенті, сөз өнерінің саңлағы, суырып-салма айтыскер ақын, жыр жауһарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, санаға сіңірген мәдениет қайраткері Көкен Шәкейұлы Шәкеевтің 100 жылдығына арналған « Көкшенің айтыскері Көкен ақын» атты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара мақсаты- ақын шығармалары арқылы білімгерлер бойына ұлтжандылық сезімін оятып, халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
Іс-шара барысында көрермендерімізге айтыскер ақынымыздың өмірі мен шығармашылығына байланысты бейнеролик көрсетілді.
Талантты білімгерлеріміз қазақтың қара өлеңін кие тұтқан Көкен өлеңдерін кезекпен мәнерлеп жатқа айтып, көрермендер халқымыздың «төл өнері» айтыс-өнерінен «Көкен пен Қалиханның» айтысынан үзінді тамашалады. Білімгерлердің білімін арттыру мақсатында «Топтық сайыс» ойыны ұйымдастырылды.
Іс-шараға «Экономика және бизнес» пен «Заң» факультетінің Профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлер көрермен болып қатысты.