COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Шерхан аллеясына 120 түп көшет отырғызылды

Шерхан аллеясына 120 түп көшет отырғызылды

Жалпы қалалық сенбілік аясында Шерхан институтының ұжымымен білімгерлері әкімшілік ғимарат пен студенттер үйінің алдына 120 түп қарағай ағашын отырғызды.

«Көгалдандыруды дамытуға ықпал ететін осындай экологиялық шаралардың маңызды екендігін атап өткім келеді Біздің айналамыздың тазалығы – біздің келбетіміз. Әр уақыт институт маңына тазалық жүргізіп тұрамыз. Бүгін жалпы қалалық сенбілікті қолдап, 50 шақты қызметкеріміз шықты. «Тазалық  ластамаған жерде болады» деген бар. Қалалықтарды тазалықты сақтауға, туған қаламызды ластамауға шақырамын және ұл-қыздарын да бала кездерінен туған жердің  тазалығына жауапты екендіктерін сезіндіріп тәрбиелесе деген тілегім  бар», - деп атап өтті іс-шара барысында институт ректоры Марат Баяндин.

Тал тамырын тереңге жайып қанша жыл тұрса, сонша уақыт жұртқа саясы мен сауабын әкеледі. Атқарылған игі істің бастамасы алдағы уақытта жалғасын табатын болады.