COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Институтқа бақтақ өсіретін жаңа аппарат сыйға берілді

Институтқа бақтақ өсіретін жаңа аппарат сыйға берілді

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтына, оқу орнының жанынан ашылған аквамәдениет ғылыми зерттеу орталығына  бір мезгілде 200000 балық өсіретін жаңа 2 жапондық аппарат сыйға тартылды.

Аппарат наурыз айында Қазақстанға жеткізілген. Жақын күндері арнайы мамандардың көмегімен іске қосылмақ.

«Жапонияда «Фурадгоси» деген балық шаруашылығымен айналысатын ірі компания бар. Сол компания өткен жылы Алматы қаласында ауқымды семинар өткізген. Аталған шараға біз де қатыстық. Семинар барысында жапондық мамандар бірлесе жұмыс істеуге ниет білдірген еді. Міне, сол компания бізге үлгі ретінде екі инкубациялық аппарат берді. Бұл аппараттар құбылмалы бақтақ (радужный форель) өсіруге арналған. Бұйырса шетелден, нақты айтсам Франция және Польша елдерінен құбылмалы бақтақтың уылдырығын алдыртып, 200000 бақтақ өсіруге мүмкіндік аламыз. Екі аппаратта сәйкесінше 400000 бақтақ өсіріледі», -дейді аквамәдениет ғылыми зерттеу орталығының жетекшісі Венера Арыстанғалиева.

Құбылмалы бақтақ (радужный форель) Жамбыл облысында көп өсірілетін балық түрі. Себебі Әулиеата өңірінің табиғаты аталған балық түрін өсіруге тиімді болып келеді.

«Өздеріңіз білесіздер, қазіргі таңда аквакультура ғылыми зерттеу орталығында коммерциализациялық  әлеуеті бар жоба жүзеге асырылып жатыр. Құрылысы келер күз айында аяқталады деп жоспарлануда. Жоба жұмыстары сәтті аяқталса, біздің өзіміздің бақтақ өсіретін шаруашылығымыз болады», -деп қорытындылады Венера Арыстанғалиева.