COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Главная / Медиа / Новости / Болашақ педагог студенттер іс-тәжірибелерімен бөлісті

Болашақ педагог студенттер іс-тәжірибелерімен бөлісті

 

Ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Шерхан институты, Педагогика факультетінің "Қазақ тілі мен әдебиет" мамандығының  4-курс студенттері мектепте өткен педагогикалық іс-тәжірибелері бойынша қорытынды конференциясын өткізді.

Конференцияда білімгерлер өздерінің мектепте жинаған тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ шара барысында болашақ мұғалім жастар атқарған жұмыстарын негізінде бейнематериалдарын назарға ұсынды.

 

 

Нақтылап өтсек, білімгер Ж.Школбек №25 орта мектепте "Ұстаз болу ұлағатты іс", «Марғасқалар мұрагері Міржақып» тақырыбында, А.Қасымова №16 орта мектепте  "Абай жолы роман эпопеясы және сын" және "Достық" тақырыбында ашық және тәрбие сағаттарын өткізсе, стдуент А.Орынбек №16 орта мектепте "Менің атым Қожа" тақырыбында, Қ.Данышпанова Қымбат №25 орта мектепте М.Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" тақырыбында ашық сабақ өткендіктері туралы баяндап, презентациялар дайындап келді.

 

 

Шараға "Педагогика" факультетінің деканы п.ғ.к. Ә.Ботабаева, №25 орта мектебінің жоғары санат мұғалімі Ж.Туленбекова, оқу бөлімінің педагогикалық практикаға жауапты маманы Ж.Сексенбаева, "Қазақ тілі мен әдебиеті" кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. А.Беркенова және ҚТ-20-1 топ кураторы Э.Игиликова қатысты.

Конференцияны қорытындылай келе студенттер педагогикалық практикаға өте үлкен жауапкершілік танытып, теориялық білімдерін практика барысында тиімді қолдана білгенін анық көрсетті.