COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Қалай судья болуға болады?» тақырыбында семинар өтті

«Қалай судья болуға болады?» тақырыбында семинар өтті

 

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында ҚР Жоғары сот кеңесі мен Жамбыл облыстық соты бірлесіп «Қалай судья болуға болады?» тақырыбында институт түлектерімен семинар өткізді.

Жиын басталмас бұрын іс-шараға келген құрметті қонақтар Шерхан Мұртаза ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, жазушы рухына тағзым етті.

 

 

Семинарға ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, з.ғ.д, профессор, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Ернар Бегалиев,  ҚР  Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Сапар Амиртаев, ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғалымжан Нурлыкулов, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Ербол Ахметжанов,  Жамбыл облыстық сотының судьясы Лаззат Рамазанова, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының вице-президенті  п.ғ.д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Махметғали Сарыбеков және ректор Марат Баяндин, сондай-ақ  аталмыш оқу орнының  «Заң» факультетінің профессор оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

 

 

Семинар барысында судья лауазымына біліктілік емтиханын қалай тапсыру қажет, эссе жазуда нені ескеру керек деген секілді үміткерлерді қызықтыратын көптеген сауалдарға жауап беріліп, жол көрсетілді. Дәріс кезінде тестілеуге, эссе жазуға және кейс тапсырмаларын шешуге қойылатын негізгі талаптар туралы ақпарат берілді, үміткерлер жиі жіберетін қателіктер айтылды.

 

 

Іс-шара кезінде сындарлы пікірталастар орын алып, дәріскерлерге көптеген сұрақтар қойылды. Бұл семинар тақырыбына қатысушылар тарапынан қызығушылық туындағанын айқындайды, олар шараның жоғары деңгейде өткенін және өзекті сұрақтың қаралғанын атап өтті.