COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ
ИННОВАЦИОННЫЙ ИНСТИТУТ 
ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / «Айша бибі» тарихи драмасы сахналанды

«Айша бибі» тарихи драмасы сахналанды

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Талант» студенттік театры журналист, драматург Бақтияр Әбілдаұлының «Айша бибі» тарихи драмасын сахналады.

Қойылымда Айша бибі мен Қарахан арасындағы жарқын да қысқа махаббат һәм сүйіспеншілік тарихы баяндалады. Спектакль Айша бибі туралы аңыздың желісі негізінде көпшілік назарына ұсынылды.

Көрермен қауым осы драма оқиғасы арқылы: есімдері көне Тараз қаласының тарихымен тікелей байланысты айтылатын кіршіксіз таза да құдіретті махабаттың қос символы - Айша бибі мен Қараханның тағдырымен және олардың мәңгілік өшпес жырға айналған махаббат дастанымен танысты.

Мамандықтары кәсіби актерліктен алыс болса да Мадина Терекбаева, Ержас Дәулетәлі, Диана Қуантай, Ұлдана Спабек, Бауыржан Өтеген, Рамазан Смагулов, Бекасыл Нишанбаев, Мирас Шанлакай, Альбина Қанзақ, Камила Меркібай, Жансая Қайса, Айзада Совет сынды жас өнерпаздар басты рөлдерді шебер сомдап шықты. Көрерменді сендірді. Көзге ыстық жас келтірді.

 


Басым бөлігі Шығармашылық, Экономика, Жаратылыстану факультеттерінің студенттерінен құралған ұжым үнемі дайындық үстінде.

Ашылғанына 14 жылдың жүзі болған «Талант» студенттік театрының алға қойған мақсаты биік.
Өнер ұжымы осы уақытқа дейін Әлімбек Оразбековтің «Бір түп алма ағашы», Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы», «Ауылдан келген ару» спектакльдерін сахналаған болатын.

Қойылым соңында ХТИИ проректоры Гүлшат Құлабекова құттықтау сөз сөйлеп, өнерлі жастарға рухани астанамыз Түркістан қаласына жолдама тапсырды.

Институтымыздың талантты, жалынды жастарынан құралған “Талант” студенттік театрына алдағы уақыттарда шығармашылық табыстар тілейміз!