COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

 

24-25 мамыр аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Қазақ тіл білімінің лингвистикалық статистика саласының білікті маманы, филология ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің академиялық профессоры, доцент Белботаев Алмасбек Батанұлының  75 жас  мерейтойына орай «Қазақ филологиясының  өзекті мәселелері және цифрландыру кезеңіндегі IT-лингвистиканың зерттелуі» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Алғашқы құттықтау сөз Шерхан Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлына берілді. Пленарлық мәжілістің баяндамашыларына ақ жол тілеп, ғылымдағы соңғы жаңалықтармен таныстырып өтті. 

Пленарлық мәжілісте 9 баяндама тыңдалды: 

1. СИРАЗИТДИНОВ ЗИННУР ӘМИРУЛЫ – Қолданбалы лингвистика және диалектология бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.к., Башқұрстан Республикасы, Уфа қ. ТАҚЫРЫБЫ: “ПРОФЕССОР АЛМАСБЕК БАТАНҰЛЫ БЕЛБОТАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ  ЛИНГВОСТАТИСТИКА МӘСЕЛЕЛЕРІ»;

2. ЖАҢАБЕКОВА АЙМАН ӘБДІЛДАҚЫЗЫ– А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., Қазақстан Республикасы, Алматы қ. ТАҚЫРЫБЫ: «ПРОФЕССОР АЛМАСБЕК БЕЛБОТАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЛИНГВОСТАТИСТИКАСЫ;

3. НАЗ ПЕНАХ– PhD доктор, Бартын университеті, Түркия Республикасы,Бартын қ. Тақырыбы: «ХӘКІМ АБАЙ ЖӘНЕ АБДУЛХАҚ ХАМИТ ТАРХАН ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ ЭЛЕГИЯЛЫҚ САРЫН»;

4. БАЙТЕЛИЕВА ЖАНАР ДӘРІБЕКҚЫЗЫ– Назарбаев Университетінің ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы, Астана қ. Тақырыбы: «КӨПТІЛДІ ҚАЗАҚ ЖАСТАРЫНЫҢ АУЫЗША ТІЛІ»;

5. ИСЛАМ ДОСБОЛ АМАНГЕЛДІҰЛЫ –Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры,  ф.ғ.к., ҚЖО мүшесі, Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлық иегері.Қазақстан Республикасы,  Түркістан қ. Тақырыбы: «ҒАЛЫМ, АЗАМАТ  А.БЕЛБОТАЕВ ҰСТАЗДЫҒЫНЫҢ  ТҮРКІСТАНДАҒЫ КЕЗЕҢІ».

6. ШОРМАҚОВА СӘУЛЕТ МЕДЕУБЕКҚЫЗЫ – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доцент м.а., ф.ғ.к., Қазақстан Республикасы, Тараз қ.

Тақырыбы: «ТІЛТАНУШЫ – А.Б.БЕЛБОТАЕВ;

7. КЕМБАЕВА АЙНУР ТУРАРОВНА – PhD докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.Тақырыбы: «ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫ»;

8. МАМЫТКЕРИМОВА ЭЛЬМИРА ТЫНЫШБЕКОВНА–Тұрар Рысқұлов 

атындағы №20 білім беретін орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,  Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы. Тақырыбы: «ҚАЗАҚ ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНЕ  ЛИНГВОСТАТИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ»;

9. САПАР АМИНА МАЛИКҚЫЗЫ – Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасы, Тараз қ. Тақырыбы: «ҚАЗІРГІ ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ». Ғылыми жетекшілер: Мұсабекова Мәдина Даниярбекқызы,  Баймакашева Нұрсұлу Сайлаубекқызы.

 

 

Конференция  жұмысының негізгі бағыттары:

1. IT ЛИНГВИСТИКАСЫНЫҢ БАСТАУ КӨЗДЕРІ

2. ЛИНГВОСТАТИСТИКА ЖӘНЕ ЖИІЛІК СӨЗДІКТЕР ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

3. ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУ АСПЕКТІЛЕРІ

4. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ

5. ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

6. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ

Белботаев Алмасбек Батанұлының 75 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған «Қазақ филологиясының  өзекті мәселелері және цифрландыру кезеңіндегі IT- лингвистиканың зерттелуі» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциясына 150-ге жуық ғылыми мақалалар мен баяндамалар  келіп түсті.  Баяндамалар (Бартын университеті, Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты, Башкент университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ресей Ғылым академиясы, Назарбаев Университеті,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы  Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Семей медициналық университеті, «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты», М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университеті, Астана көп салалы колледжі, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, қалалық гимназия мектептері мен  аудандық мектептерден т.с.с.) келіп түсті. 

Халықаралық конференцияға Қазақстанның құрметті журналисі,  жазушы Захардин Қыстаубайұлы және «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы, жазушы, журналист Нүридін Шәмшіұлы ізгі тілектерін білдірді. 

Пленарлық мәжіліске қатысқан зиялы қауым өкілдерін Шерхан Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар» басқармасының бастығы, б.ғ.к., профессор Қожамжарова Латифа Сейдахметқызы, «Педагогика» факультетінің деканы, п.ғ.к. Ботабаева Әдемі Еркебаевна, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Беркенова Рабиға Ағабекқызы І дәрежелі дипломдармен, сертификаттармен марапаттады.