Шерхан институтының студенті дайындаған жоба үздік деп танылды
Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесінде ҮЕҰ арасындағы гранттар байқауының жеңімпаздары анықталды. Енді Қазақстанда ҮЕҰ-ның 10 әлеуметтік жобасы пайда болады.
Олардың авторы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мұрындық болған «Қазақстандықтардың білімін арттыру — әл-ауқаттың өсуіне жол» Әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауының жеңімпазпазы атанды. Байқаудың басты мақсаты – нақты әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешетін белсенді ҮЕҰ-ны қолдау. Жәрмеңке 20 жылдан бері әлеуметтік саладағы коммерциялық емес ұйымдардың бастамалары мен жобаларын қолдап келе жатқан Қордың маңызды жобасының бірі. Осы уақыт ішінде барлық жас санатындағы азаматтар үшін инклюзия, білім беру, мәдениет, спорт, кәсіптік бағдарлау және бос уақытты ұйымдастыруды дамытуға бағытталған 300-ден астам жоба байқау жеңімпаздары болды.
Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен, шағын ауылдардан республикалық маңызы бар қалаларға дейін 116 өтінім келіп түсті. Байқау шартына сәйкес 50 жоба финалға шықты.
Олардың қатарында Шерхан Институтының "Мемлекеттік және жергілікті басқару" білім беру бағдарламасының студенті – Нәмелбек Азамат та бар. Ол «Қаржылық сауат ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шарты ретінде» номинациясы бойынша үздік деп танылды.
Енді Азамат жеңімпаз ретінде 3 млн теңгеге дейін (жобаның қажеттілігіне қарай) грант алады.