COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Адрес

г. Тараз, ул. Желтоксан, 69Б

Контактный Телефон

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Время работы

Пнд - Птн: 09.00 - 18.00

МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТАРАЗСКИЙ ИННОВАЦИОННЫЙ
ИНСТИТУТ ИМ.Ш.МУРТАЗЫ

Главная / Медиа / Новости / Академик Нұрғали Сарыбековтың 90 жылдығына орай бірнеше іс-шаралар өтті

Академик Нұрғали Сарыбековтың 90 жылдығына орай бірнеше іс-шаралар өтті

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Акмеология және Қазақ Халық экология Академиясының академигі Нұрғали Сарыбековтың 90 жылдығына арналған іс-шаралар легі өтті.

 

 

 

Нұрғали Сарыбеков ˗  Қазақстанда экологиялық педагогика ғылымының негізін қалаушы болып есептеледі. Экология, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелеріне арналған 340 ғылыми еңбектері, оның ішінде 10 кітабы жарық көрген.

30 жылдан астам (1968-1998) Жамбыл педагогикалық институтында, оданкейін Жамбыл университетінде еңбек етті.

 

 

«Экология және табиғатты қорғау» орталығын ашып, оның негізінде өзінің ғылыми мектебін құрды. Оның тікелей басшылығымен 10 - нан астам халықаралық, бүкіл одақтық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми әдістемелік, ғылыми - практикалық конференциялар мен семинарлар өтті.

 

 

 

Бүгін академик Нұрғали Сарыбеков 30 жыл тұрған үйдің (Қаратау мөлтек ауданы, №4 үй) қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды. Салтанатты шараға оның отбасы мен туыстары, сондай - ақ шәкірттері мен қызметтес болған жандар жиналды. Шарада ағамыз жайлы естеліктер айтылып, білім мен ғылым жолындағы баға жетпес қызметтері мен еңбектері баяндалды.

 

 

Содан соң, Шерхан институтының әкімшілік ғимаратында «Экологиялық педагогиканың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми - практикалық конференция өтті.

 

 

Конференция барысында «Академик Нұрғали Сарыбековтың таңдамалы ғылыми еңбектері» атты кітаптің тұсау кесері болады.

 

 

Бүкіл саналы ғұмырын табиғатты қорғауға арнаған академик Нұрғали Сарыбековтың өмір жолы, артында қалдырған ғылыми мұрасы, азаматтық ұстанымы бүгінгі ұрпаққа үлгі болады.